Мұғалімдерге арналған «Адам. Қоғам. Құқық» пәні бойынша республикалық қашықтық олимпиаданың қорытындысы

    2019 ж. 3-6 желтоқсан аралығында өткен мұғалімдерге арналған «Адам. Қоғам. Құқық» пәні бойынша республикалық қашықтық олимпиаданың қорытындысы шығарылды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл олимпиадада Жамбыл, Қостанай, Шығыс Қазақстан және Түркістан облыстарының қатысушылары белсенділік танытқан.

    Оқу орындарынан Рудный қаласының №10 мектеп-гимназиясы қатысушыларының белсенділігі ерекше атап өтілді.

    Олимпиадаға Қостанай облысының 16 өңірінен 19 білім беру ұйымдарының педагогтары қатысты. Жүлделі орындарға 13 педагог ие болды, оның ішінде 2 бірінші, 3 екінші және 8 үшінші орын.