Мұғалімдерге арналған информатика пәні бойынша республикалық қашықтық олимпиаданың қорытындысы

    2019 ж. 3-6 желтоқсан аралығында өткен информатика пәні бойынша мұғалімдерге арналған олимпиаданың қорытындысы шығарылды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл олимпиадада Жамбыл, Түркістан, Шығыс Қазақстан және Қостанай облыстарының қатысушылары белсенділік танытқан.

    Олимпиадаға Қостанай облысының 18 өңірінен 25 білім беру ұйымдарының педагогтары қатысты. Жүлделі орындарға 18 педагог ие болды, оның ішінде 2 бірінші, 4 екінші және 12 үшінші орын.