Химия пәнінен облыстық қашықтық олимпиадасының қорытындысы
2023 жылдың 18-19мамырында 7-10 сынып оқушыларына арналған биология пәнінен облыстық қашықтық олимпиадасы өтті.
Олимпиадаға облыстың барлық өңірлерінен 1 077 оқушы, оның ішінде – ауыл мектептерінен – 615 адам (57,1 %) қатысты. Ең белсенді өңірлер Қостанай қаласы (283 оқушы) және Жітіқара ауданы (106 оқушы) болды. Оқушылар арасында ең белсендісі 8-сынып оқушылары болды – 412 қатысушы.
145 оқушы олимпиаданың жүлдегерлері атанды, оның 24-і – бірінші орынға, 40-сы– екінші және 81-сі – үшінші орынға ие болды. Өңірлер арасында Қамысты және Қарасу ауданының оқушылары жоғары нәтиже көрсетті (43,8 % және 33,0 %).
Барлық қатысушылар сертификат алды, ал жүлдегерлерге «Қостанай дарыны» ӨОӘО дипломдары беріледі.