ТжКБ студенттеріне арналған қашықтық олимпиадаларының қорытындысы
2023 жылғы 19-20 қаңтарда техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының бірінші курс студенттеріне арналған қашықтан облыстық олимпиадалар ұйымдастырылды.
Олимпиадалар Қазақстан тарихы және ағылшын тілі пәндері бойынша өтті.
Олимпиадаларға Қостанай облысы колледждерінің 1 850 студенті қатысты.
Қатысушылар ағылшын тілінен олимпиадаға үлкен қызығушылық танытты – 1039 қатысушы. Ал Қазақстан тарихы бойынша тапсырмаларды жақсы орындады.
147 студент олимпиада жүлдегерлері атанды: 12 қатысушы І орын, 68 қатысушы ІІ және 67 қатысушы ІІІ орын алды.
Барлық қатысушылар сертификат алды, ал жүлдегерлерге «Қостанай дарыны» ӨОӘО дипломдары беріледі.