Орыс тілі мен әдебиетінен қашықтық олимпиаданың қорытындысы
2022 жылдың 18-19 қаңтарында 7-10 сынып оқушыларына арналған орыс тілі мен әдебиетінен облыстық қашықтық олимпиадасы өтті.
Олимпиадаға облыстың барлық өңірлерінен 3 507 оқушы, оның ішінде ауыл мектептерінен - 1902 қатысушы (немесе 54,2 %) қатысты. Ең белсенді өңір Рудный қаласы (629 оқушы), Қостанай қаласы (592 оқушы) және Қостанай ауданы (356 оқушы) атанды. Олимпиадаға Сарыкөл ауданы мен дарынды балаларға арналған «Білім-инновация» лицейінің оқушылары қатысқан жоқ.
Оқушылар арасында ең белсенділері 7-сынып оқушылары - 1075 қатысушы болды.
Әр топтарда әр түрлі тапсырмалар ұсынылды: бір және бірнеше жауаптары бар жабық сұрақтар, сәйкестікке, мәтінмен жұмыс.
Олимпиаданың жүлдегерлері 507 оқушы атанды, олардың 28-і 1 – орын, 172-сі екінші және 307-сы үшінші орын алды. Өңірлер арасында Қамысты (27,8 %) және Жітіқара (сапасы 23,6 %) жоғары нәтижелілікті көрсетті. Мектептер арасында «Озат» мамандандырылған ақпараттық технологиялар мектеп-лицей-интернатының (32,4 %) оқушылары сапалы білім көрсетті
Барлық қатысушылар сертификат алды, ал жүлдегерлерге «Қостанай дарыны» ӨҒПО дипломдары берілетін болады.