«Эссе дағдысын қалыптастыру» курсының онлайн сабағы
2020 жылғы 15 мамыр күні «Эссе дағдысын қалыптастыру» курсының екінші онлайн сабағы өтті. Сабақтар мемлекеттік тілде оқытатын білім беру ұйымдарының 9 сынып оқушыларына, сондай-ақ педагогтерге арналған.
Курсты Ы.Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп-интернатының қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі А.К. Нугуманов жүргізеді.
Аталған курс, оқудың осы кезеңінде қоғамдық-гуманитарлық пәндер сабақтарындағы негізгі жұмыстардың бірі болған эссені сауатты жазуды қалыптастыруға бағытталған.
Сабаққа Қамысты, Қарабалық, Меңдіқара, Федоров, Б. Майлин аудандарынан 16 оқушы мен педагог қосылды.