2021 жылғы облыстық қашықтық пәндік олимпиаданың қорытындысы
2021 жылы Қостанай облысының оқушылары 7-10 сынып оқушыларына арналған 10 облыстық қашықтан пәндік олимпиадаларға қатысты. Олимпиада орыс тілі мен әдебиеті, математика, физика, химия, биология, қазақ тілі мен әдебиеті, география, Қазақстан тарихы, ағылшын тілі пәндерінен өтті (қаңтар, желтоқсан).
Олимпиадаға 22 792 оқушы қатысты. Олимпиадамыздың қатысушылар саны 2,5 есеге, ал оқушылары жүлдегер атанған мектептер саны 1,2 есеге артты.
Олимпиада қатысушылары орыс тілі мен әдебиеті, қазақ тілі мен әдебиеті және физика пәндері бойынша тапсырмаларды сәтті орындады.
Олимпиадамыздың жүлдегерлері облыстың 309 мектебінен 3953 оқушы атанды, оның ішінде 747-і I-орынға, 1436-сы II-орынға және 1771 оқушы - III орынға ие болды.
Олимпиаданың қорытындысы бойынша 2021 жылғы барлық олимпиада бойынша жақсы нәтиже көрсеткен 10 үздік мектеп анықталды:
№ |
Өңір |
Мектеп |
Қатысушылар саны |
Жүлдегерлер саны |
1 |
Рудный қ. |
№ 10 мектеп-гимназиясы |
866 |
207 |
2 |
Сарыкөл ауданы |
Урицкий мектеп-лицейі |
381 |
143 |
3 |
Рудный қаласы |
№4 мектеп-лицейі |
380 |
124 |
4 |
Қостанай қ. |
№ 19 жалпы білім беретін мектебі |
338 |
109 |
5 |
Қостанай қ. |
№ 18 мектеп-гимназия |
385 |
101 |
6 |
Рудный қ. |
№ 19 жалпы білім беретін мектебі |
362 |
89 |
7 |
Алтынсарин ауданы |
Ыбырай Алтынсарин атындағы Обаған жалпы білім беретін мектебі |
197 |
82 |
8 |
Қостанай қаласы |
№ 2 мектеп-лицейі |
244 |
80 |
9 |
Қостанай қаласы |
№ 8 жалпы білім беретін мектебі |
193 |
69 |
10 |
Жітіқара ауданы |
№ 3 мектеп-лицейі |
213 |
66 |
Бір жыл ішінде ең жоғары белсенділікті Рудный қ. (4379 қатысушы), Қостанай қ. (3276 қатысушы), Қостанай ауданы (2042 қатысушы) сияқты өңірлер көрсетті. Осы өңірлер өткен жылы да қатысушылар саны бойынша көшбасшы болды.
2021 жылы қашықтық олимпиадаларда өнер көрсету сапасы бойынша үздік нәтижені Рудный қ. (25,9 %), Алтынсарин ауданы (25,4 %) және Б. Майлин ауданының (23,6%) оқушылары көрсетті. Ауылдық өңірлер арасында, атап айтқанда, Алтынсарин және Қостанай аудандарынан басқа, Жітіқара (20,8 %) ауданы жақсы нәтиже көрсетті.
Облыстық қашықтық олимпиаданың қорытындысы бойынша жақсы нәтиже көрсеткен үздік мектептер мен өңірлер «Қостанай дарыны» ӨҒПО дипломдарымен атап өтіледі.