2021 жылғы «Жас Өркен» республикалық балалар сыйлығының дауыс беру қорытындысы
2019 жылы «Жылдың халық сүйіктісі» Қазақстан ұлттық сыйлығы аясында «Республика-Өңір-Даму» қоғамдық қоры «Жас Өркен» республикалық балалар сыйлығын тағайындады.
Сыйлықтың негізгі мақсаты: ең дарынды балаларды анықтау және марапаттау арқылы балалар шығармашылығы мен бастамаларын дамытуды ынталандыру. Қостанай облысы осы сыйлыққа белсенді қатысып, лайықты үміткерлер ұсынады.
2021 жылы дауыс берудің 1 кезеңіне қатысу үшін облыстың 10 өңірі және 2 ДБМ 13 номинация бойынша 107 үміткер ұсынды. Облыстық іріктеу қорытындысы бойынша 12 номинацияға 27 қатысушы ұсынылды.
Дауыс беру рәсімі екі кезеңде өткізіледі – бірінші кезең – үміткерлерді Facebook желісінде ұсыну, екінші кезең–«Халық сүйіктісі» сайтында дауыс беру.
Дауыс берудің 1 кезеңіне 11 номинация бойынша 23 оқушы, екінші турда 6 номинация бойынша 7 оқушы қатысты.
2021 жылы дауыс беру қорытындысы бойынша үш оқушы «Жас зерттеуші», «Жас актер», «Жас ақын» номинациялары бойынша гран-при жеңіп алды, екі оқушы «Жас блогер», «Жас ерікті» номинациялары бойынша лауреат атанды.
2021 жылғысыйлықтыңжеңімпаздары:
№ |
Т.А. |
Аудан, қала |
Номинация |
Нәтиже |
|
Самойленко Арсений |
Дарынды балаларға арналған «Білім-Инновация» лицей-интернаты |
«Жас зерттеуші» /«Юный новатор» |
Гран-при |
|
Жүсіп Әулетбек |
Жангелдин ауданы Ы.Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін мектебі |
«Жас дарын»/ «Юный актер» |
Гран-при |
|
Әмірхан Бекзат |
Жангелдин ауданы Жармаганбетов атындағы жалпы білім беретін мектебі |
«Жас ақын»/ «Юный оратор, поэт» |
Гран-при |
|
Радченко Валерия |
Қостанай қаласының балалар шығармашылығы мектебі |
«Жас блогер»/ «Юный блогер, видеоблогер» |
Лауреат |
|
Леванова Устинья |
Қарабалық ауданы Тоғызақ жалпы білім беретін мектебі |
«Үздік ерікті»/ «Юный волонтер» |
Лауреат |