«Ғылым әлемін ашамыз» ғарыштық зерттеулер бойынша халықаралық ғылыми конкурсының қорытындысы
ҚР Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы 2024 жылғы 28-30 сәуірде Астана қаласында «Ғылым әлемін ашамыз» ғарыштық зерттеулер бойынша халықаралық ғылыми конкурсын өткізді.
Конкурс оқушылардың ғарышкерлік, инфрақұрылымның ғарыштық технологиялар және модельдеу, астрофизика салаларындағы қолданбалы зерттеулерге ғылыми-зерттеу қабілеттерін ынталандыруға бағытталған.
Республика қалаларынан, сондай-ақ жақын шет елдерден тікелей эфирде жас зерттеушілер өз жобаларын ұсынды, қазылар алқасы мүшелерінің сұрақтарына жауап берді.
Қатысушылар қазақ немесе орыс тілдерінде 3 секцияның бірінде өнертабыс, теория немесе жоба туралы баяндайтын жеті минуттық презентация ұсынды: «Ғарыштық техника және инфрақұрылым», «Ғарыштық ақпараттық технологиялар және модельдеу», «Күн жүйесі».
Конкурсқа еліміздің барлық өңірлерінен 91 оқушы қатысты, оның ішінде Қостанай облысынан 4 оқушы – облыстық жобалар конкурсының жүлдегерлері: Лисаков қ. мектеп-лицейі (3 оқушының 2 жобасы) және Қостанай қ. физика-математикалық лицейі (1 оқушының 1 жобасы).
2 автордың 2 жобасы ғылыми конкурстың жүлдегері атанды:
II дәрежелі дипломмен марапатталды: Троян Андрей, Қостанай қаласы физика-математикалық лицейінің 11 сынып оқушысы.
III дәрежелі дипломмен марапатталды: Сивков Иван, Лисаков қ. мектеп-лицейінің 9 сынып оқушысы.
Лисаков қ. мектеп-лицейінің 11 сынып оқушылары Завьялова Дарья мен Коваленко Анастасияның жобалары «Дарын» РҒПО грамотасымен атап өтілді.
Ғылыми конкурстағы табыстарыңызбен құттықтаймыз!!!