«Qabilet» қызметі Қарабалық ауданының 8-14 жас аралығындағы балалар қабілетінің диагностикасын өткізді

    2024 жылдың 9 қазанында Қарабалық ауданында «Qabilet» жобасы аясында балалардың қабілеттерін диагностикалау өтті. Бұл бағдарлама 8 бен 14 жас аралығындағы мектеп оқушыларының дарынын анықтауға және әлеуетін дамытуға бағытталған.

    Тестілеуге Максим Горький және Мұхамеджан Сералин атындағы жалпы білім беретін мектептерден 201 оқушы қатысты. 1 кезеңнің қорытындысы бойынша 11 бала диагностиканың 2 кезеңіне өтті.

    Естеріңізге сала кетейік, «Qabilet» жобасы балаларға өз мүмкіндіктерін ашуға және одан әрі оқу мен өсуге бағыт табуға көмектеседі. Тестілеу онлайн режимінде: https://qabilet.elumiti.kz қолжетімді.