Оқушылардың қабілеттерін диагностикалау бойынша педагог-психологтарға арналған вебинарлар

    2024 жылғы 17-25 қыркүйек аралығында «Қостанай дарыны» өңірлік оқу-әдістемелік орталығы Қостанай облысы мектептерінің педагог-психологтарына арналған онлайн форматтағы оқыту семинарларын өткізді. Семинарлардың басты мақсаты – «Qabilet» платформасында жұмыс істеу кезінде ақпараттық қауіпсіздік ережелерімен таныстыру, сондай-ақ 7-14 жас аралығындағы балалардың қабілеттерін «4К» негізгі құзыреттіліктері: сыни ойлау, креативтілік, коммуникация және коллаборация бойынша диагностикалау әдістемелерін түсіндіру болды.

    Семинарларға облыстың 16 ауданы мен 4 қаласынан 271 педагог-психолог қатысты. Бұл білім педагогтарға оқушылардың құзыреттіліктерін анықтауға ғана емес, олардың әлеуетін дамытуға да көмектеседі.