Республикалық «МАТЕМАТИКАЛЫҚ РЕГАТА» олимпиадасының қорытындысы

Дата:
30.03.2026

Мұғалімдердің кәсіби қызметінде жоғары нәтижелерге қол жеткізуге деген ұмтылысын арттыру мақсатында Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы а.ж. 26-27 наурызында Түркістан қаласында математика пәні мұғалімдеріне арналған республикалық «Математикалық регата» олимпиадасын өткізді. Олимпиадаға еліміздің барлық өңірлері мен республикалық мектептердің 22 командасынан тұратын 88 педагог қатысты.  Қостанай облысының командасын «Қостанай қаласы білім бөлімінің № 2 мектеп-лицейі» КММ математика пәні мұғалімі Бедыч Елена Андреевна, «Қостанай қаласы білім бөлімінің №19 жалпы білім беретін мектебі» КММ математика пәні мұғалімі Сергеев Дмитрий Васильевич, «Қостанай ауданы білім бөлімінің Мичурин жалпы білім беретін мектебі» КММ математика пәні мұғалімі Мусина Жазира Төлегенқызы, «Дарынды балаларға арналған БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ лицей-интернатының математика пәнінің мұғалімі Турсунов Шухрат Полатжанұлы құрады.

Байқауға қатысушылар әрқайсысы үш тапсырманы уақытқа шешуді көздейтін төрт кезеңнен өтті.

Жарыс қорытындысы бойынша Қостанай облысының командасы грамотамен марапатталды. Құттықтаймыз!