Ауыл мектептеріне арналған республикалық олимпиаданың 1 кезеңінің қорытындысы

Дата:
03.10.2025

24-29 қыркүйек аралығында Ауылдық жерлердегі мектептердің 9-11 сынып оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың бастапқы кезеңі өтті.

Кезеңге Қостанай облысының білім беру ұйымдарынан 2657 оқушы қатысты, бұл тіркелгендер санының 91,6 %-ын құрады. 2-кезеңге (аудандық) 2316 оқушы, яғни бастапқы кезеңге  қатысқандар санының 87,2 %-ы өтті.

Пәндер бөлінісінде 2 кезеңге жіберілген қатысушылардың ең көп пайызы: «Қазақ тілінде оқытатын мектептердегі орыс тілі» (91,4 %), «Ағылшын тілі» (87,7%), «Құқық негіздері» (85,5%) пәндері бойынша. Жаратылыстану-математикалық цикл пәндері ішінде ең көп оқушы «Физика» (83,7) және «Информатика» (81,9%) пәндері бойынша өтті.

Бастапқы кезеңнің қорытындысы бойынша барлық қатысушылар «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының сертификаттарын алады.

Ауыл мектептерінің оқушыларына арналған олимпиаданың 2-кезеңі а.ж. 8-10 қазаны аралығында кестеге сәйкес «Дарын» РҒПО платформасында онлайн режимінде өтеді.