«Алтын сақа» математикалық олимпиадасының облыстық кезеңі

Дата:
15.04.2026

2026 жылдың 13 сәуірінде А. Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университетінің инженерлік-техникалық факультетінің базасында 3-4 сынып оқушыларына арналған «Алтын сақа» математикалық олимпиадасының облыстық кезеңі өтті.

Олимпиаданың негізгі мақсаты – математикаға бейімі бар дарынды оқушыларды анықтап, оларды қолдау, ғылымға баулу. Олимпиа екі тілде: орыс және қазақ тілінде өткізіледі.

Іс-шара «Қостанай дарыны» өңірлік оқу-әдістемелік орталығы мен «Зерделі» ақыл-ой дамыту мектебінің ұйымдастыруымен өткізіліп отыр.

Олимпиада үш бөлімнен тұрды:

  • I бөлім – тест тапсырмалары;
  • II бөлім – бос орынды толықтыру;
  • III бөлім – есептерді шешу, дәлелдеу және есептеу.

Барлық тапсырмаларды орындауға 90 минут уақыт берілді.

Олимпиадаға 138 оқушы қатыстып, 61 оқушы жүлдегер атанды, оның ішінде 10-ы бірінші, 21-і екінші, 30-ы үшінші орынды иеленді. Тағы 13 бала грамоталармен марапатталды.

Жеңімпаздар а.ж. мамыр айында өтетін олимпиаданың республикалық кезеңіне қатысады.

Сонымен қатар, олимпиадаға қатысқан өңірлер арасында олимпиаданың командалық есебі өткізілді:

Бас жүлде – Қостанай қ.

1 орын – Рудный қ.

2 орын – Лисаков қ. және Қостанай ауданы

3 орын – Арқалық қ., Ұзынкөл және Науырзым аудандары.

Құттықтаймыз!

 

ИТОГИ