«Қостанай дарыны» ӨОӘО кубогына арналған Х облыстық шахмат турнирінің қорытындысы

Дата:
20.10.2025

2025 жылғы 17 қазанда «Қостанай дарыны» ӨОӘО кубогына арналған Х облыстық шахмат турнирі өтті.

Турнирдің мақсаты — шахматты спорт түрі ретінде насихаттау және оқушылардың интеллектуалдық қабілеттерін дамыту.

Жарыс екі жас санаты бойынша — 9 жасқа дейін және 13 жасқа дейінгі қыздар мен ұлдар арасында ұйымдастырылды. Қатысу шарты — команда бір білім беру ұйымынан болуы тиіс.

Турнирге Қостанай қаласы, Рудный, Қостанай қалалары мен Қостанай, Б.Майлин аудандарының мектептерінен 16 оқушы қатысты. Жүлделі орындар үшін күрес қызу өтті: қатысушылар жеке және командалық есепте жеңіске жетуге тырысты.

«Қостанай облысының шахмат федерациясы» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Мусаинов Асқар Қамзаевич турнирге бас төрешілік жасады.

Командалық есеп нәтижелері:

 І орын — Рудный қаласы білім бөлімінің «№4 мектеп-лицейі» КММ

ІІ орын — Қостанай қаласы білім бөлімінің «М.Горький атындағы гимназиясы» КММ

ІІІ орын — Б.Майлин ауданы білім бөлімінің «Б.Майлин атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ

ІІІ орын — Қостанай ауданы білім бөлімінің «Заречный мектеп-лицейі» КММ

Барлық қатысушыларды құттықтаймыз және лайықты ойындары үшін алғыс білдіреміз! Шахмат оқушыларды дамуға, стратегиялық ойлауға және жаңа жеңістерге шабыттандыра берсін!