Республикалық «Махамбет оқулары» байқауының қорытындысы

Дата:
20.10.2025

2025 жылдың 9-10 қазанында Атырау қаласында көрнекті ақын Махамбет Өтемісовтың шығармашылық мұрасына арналған Республикалық «Махамбет оқулары» байқауы өтті.

Байқаудың басты мақсаты – ұлт руханиятындағы ұлы тұлға, ерлік пен өрліктің символына айналған Махамбет Өтемісұлының шығармашылығын дәріптеу, жас ұрпақты отансүйгіштік пен ізгілікке баулу, тарихи таным көкжиегін кеңейту.

Байқауға еліміздің барлық өңірлерінен жүзге жуық дарынды оқушы қатысты. Қостанай облысынан Жангелдин ауданы мен Қостанай қаласының 5 оқушысынан құралған команда қатысты.

«Қостанай қаласының білім бөлімінің А.Бірімжанов атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ 9-сынып оқушысы Қабжәлел Жанали «Шашақты найза, шалқар күй» номинациясында құрметті III орынға ие болды.

Құттықтаймыз!