2026 жылдың 29 наурызында 8-ші Азиаттық-Тынық мұхиты лингвистикалық олимпиадасы (APLO-2026) бір уақытта 10 елде өтті.
Олимпиадаға 31 ресми сынақ алаңында 294 оқушы қатысты.
APLO-2026 олимпиадасы Азиаттық-Тынық мұхиты елдері Қазақстан, Қытай, Жапония, Малайзия, Корея Республикасы, Сингапур және Таиландтан келген 300-ге жуық дарынды оқушыны біріктірді. Аталған зияткерлік жарыс -дарынды жастарды анықтауға және оларды Халықаралық лингвистикалық олимпиадаға даярлауға бағытталған беделді алаң.
Қазақстан құрамасы бұл олимпиадаға үшінші рет қатысып отыр. Биыл ел намысын 8 оқушы қорғады. Нәтижесінде қазақстандық оқушылар 1 алтын, 1 күміс және 2 қола медаль жеңіп алып, жоғары дайындық деңгейін көрсетті. Сонымен қатар, 4 қатысушы Құрмет грамотасымен марапатталды.
Лингвистикадан құрама команданың мүшесі, Жітіқара ауданының Абай атындағы мектеп-лицейінің оқушысы Тургумбаев Кирилл алғаш рет осы олимпиаданың жүлдегерлері қатарынан көрінді.
Бұл олимпиададағы жеңіс Кириллге жазда Румынияда өтетін халықаралық лингвистика олимпиадасына қатысуды қамтамасыз етті.




