Жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша оқу-жаттығу жиындары

Дата:
20.10.2025

15 қазанда Астана қаласында жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша облыстық және республикалық олимпиадалардың жүлдегерлеріне арналған оқу-жаттығу жиындары басталды.

Жиын қатысушыларының құрамына Қостанай, Рудный қалаларынан, Қарасу, Сарыкөл аудандарынан, сондай-ақ мамандандырылған білім беру ұйымдарынан 9-11 сыныптардың 23 оқушысы енді.

Оқу-жаттығу жиындары 2 ағымда өтеді; біріншісі – химиктер, математиктер мен географтар үшін, екіншісі – информатиктер, биологтар мен физиктер үшін.

Жиындар шеңберінде оқушылар алдағы облыстық және республикалық деңгейдегі олимпиадаларға сапалы дайындық мақсатында пәндер бойынша білімдері мен дағдыларын жетілдіретін болады.

Жиын а.ж. 4 қарашада аяқталады.