17 сәуірде Астана қаласында олимпиадалық резервке енгізілген биология бойынша республикалық олимпиаданың жүлдегерлері үшін оқу-жаттығу жиындары басталды.
Жиынға биылғы биология бойынша республикалық олимпиаданың жеңімпазы, Қостанай қаласының физика-математикалық лицейінің оқушысы Альмагамбетов Санжар қатысуда.
Санжар биылғы мектеп оқушыларының республикалық олимпиадасының қорытындысы бойынша олимпиадалық резервтің құрамына енді.
Санжарға жиындарда шыңдала түсуді және жаңа биіктерден көрінуін тілейміз!
Жиындар а.ж. 28 сәуірінде аяқталады.



