Жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық олимпиада өз мәресіне жетті

Дата:
21.04.2026

Ағымдағы жылғы 21 сәуірде жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық олимпиада өз мәресіне жетті.

Шет тілдерінен олимпиада 2025-2026 жылдары оқушылардың Республикалық олимпиадасын өткізуді аяқтады. Ол Петропавл қаласында өтті.

4 күн бойы республиканың түкпір-түкпірінен келген 170-тен астам оқушы бақ сынасты.

Бұл олимпиадаға Республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінің жеңімпаздары арасынан 7 оқушы қатысты. Олар – Қостанай қ.,, Ұзынкөл ауданы және Ы. Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия-интернатының оқушылары.

Қатысушыларға олимпиада қазылар алқасының мүшелері әзірлеген теориялық және практикалық сипаттағы тапсырмаларды орындау, олимпиаданың ауызша турында тілді меңгеру деңгейін көрсету қажет болды.

Біздің облысымыздың атынан қатысқан оқушылар 3 жүлделі орынға ие болды: 3 күміс медаль. Тағы 1 оқушы «Дарын» РҒПО грамотасымен марапатталды.

Аты-жөні

Білім беру ұйымы

Пән

Орын

1

Мозер Полина

Ұзынкөл ауданының № 1 Ұзынкөл жалпы білім беретін мектебі

Ағылшын тілі

ІІ

2

Билгібай Сания

Ы. Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия-интернаты

Ағылшын тілі

ІІ

3

Мифодовская Елизавета

Ұзынкөл ауданының Троебрат жалпы білім беретін мектебі

Ағылшын тілі

ІІ

4

Бендер Влад

Қостанай қ. академиялық лицейі

Неміс тілі

грамота

Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндер бойынша республикалық олимпиаданың қорытындысы бойынша Қостанай облысының командасы жалпы командалық ІІ орынды иеленді!!!

Олимпиадалық команданы жоғары нәтиже көрсетулерімен құттықтаймыз!!!