«ASTRO SPACE SCHOOL» оқушылардың республикалық астрономиялық турнирі

Дата:
15.04.2026

«Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы 2026 жылдың 11 сәуір күні 7-11 сынып оқушыларына арналған «ASTRO SPACE SCHOOL» республикалық астрономиялық оқушылар турнирі Астана қаласында ұйымдастырылып, өз мәресіне жетті.

Турнирге Қазақстанның барлық өңірлерінен жиналған дарынды оқушылар қатысып, астрономия және физика салаларындағы күрделі ғылыми тапсырмаларды шешуде өз білімдері мен зерттеушілік қабілеттерін көрсетті. Олимпиадаға республикалық білім беру мекемелерінен 152 оқушы қатысты.

Байқаудың басты ерекшелігі – ғылыми «шайқас» форматы, онда қатысушылар: ғылыми жобаларын қорғап, қарсы пікірлерге жауап беріп, дәлелді аргументтер арқылы өз көзқарастарын негіздеді.

Астротурнир жас зерттеушілер үшін өз қабілеттерін көрсетуге, тәжірибе алмасуға және ғылым жолына алғашқы қадам жасауға үлкен мүмкіндік болды.

Өңіріміздің намысын А.М. Горький атындағы гимназия қорғады. Турнир қорытындысы бойынша команда жүлделі 3-орынға ие болды

Барлық жүлдегерлерді құттықтаймыз!