2026 жылдың 9-10 сәуірінде 7-10 сынып оқушылары үшін химия пәнінен қашықтан облыстық олимпиада өтті.
Олимпиадаға облыстың барлық өңірлерінен 2699 адам қатысты, оның ішінде ауылдық жерлердегі мектептерден – 1 773 қатысушы (немесе 65,7 %). Ең белсенді өңірлер Қостанай ауданы (448 оқушы), Қостанай қ. (523 оқушы) және Рудный қ. (263 оқушы) болды.
Оқушылар арасында ең белсенді 8-сынып оқушылары болды (799 қатысушы).
1384 оқушы олимпиада жүлдегерлері атанды, оның 336-і 1 – орын, 629-сі екінші және 419-і үшінші орын алды. Өңірлер арасында Жітіқара ауд. (64 %) және Меңдықара ауданының (62 % сапа) оқушылары жоғары нәтижелілік көрсетті.
Барлық қатысушылар сертификат алды, ал жүлдегерлерге «Қостанай дарыны» ӨОӘО дипломдары табысталатын болады.




