Математикадан олимпиадалық есептерді шешу: теориядан практикаға

Дата:
25.09.2025

2025 жылдың 24 қыркүйегінде М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық университетінің базасында математика пәнінің мұғалімдеріне арналған «Олимпиадалық есептерді шешу» оқыту семинары өтті. Іс-шараны «Қостанай дарыны» өңірлік оқу-әдістемелік орталығы ұйымдастырды.

Семинарға облыстың 16 ауданынан және 4 қаласынан 39 педагог қатысты. Семинар жаттықтырушысы – Қостанай қаласының М.Горький атындағы гимназиясының тәжірибелі математика пәні мұғалімі Динара Шакировна Клышева қатысушыларға олимпиадалық тапсырмаларды ұсынды және оларды шешудің тиімді жолдарымен бөлісті.

Мұғалімдер тәсілдер мен шешімдерді белсенді түрде талқылады, өз кезегінде  бұл педагогтерге оқушыларын олимпиадалық жарыстарға дайындау үшін жаңа идеялар алуға мүмкіндік берді. Қатысушылар жаттықтырушының кәсібилігін және алған тәжірибелерінің құндылығын атап өтті.

Семинар олимпиадаға дайындықтың маңызды бөлігіне айналып үлгерді және сөзсіз оқыту деңгейін арттыруға, өңір оқушыларының математикалық құзыреттілігін одан әрі дамытуға қосар үлесі зор.