«Полиглот» қашықтық олимпиадасы І турының қорытындысы

Дата:
20.04.2026

2026 жылдың 16-17 сәуірінде 5-6 сынып оқушыларына арналған «Полиглот» қашықтық олимпиадасының І туры өтті.

Олимпиаданың 1 турына 3 108 адам қатысты, ауыл мектептерінен 1529 адам (немесе 49,2 %) қатысты.

Олимпиаданың ең белсенді қатысушылары Қостанай қ. (875 адам), Қостанай ауданы (329 адам) және Рудный қ. (410 адам) болды.

1 турдың қорытындысы бойынша оқушылар қазақ, орыс және ағылшын тілдерін жақсы меңгергендерін көрсетті. Барлық сұрақтарға жауап беру кезінде мүмкін болатын ең жоғары балды 60 балл құрады.

Олимпиаданың 2 турына қатысу үшін өту балы 5 сынып оқушылары үшін 50 балл, 6 сынып оқушылары үшін - 40 балл және одан жоғары болды. Олимпиаданың 2 турына 2 261 оқушы өтті.

Олимпиаданың 2 туры 2026 жылдың 23-24 сәуірінде өтеді. Ол турда қатысушылар олимпиаданың 30 сұрағына жауап беруі керек.

 

ИТОГИ 1 ТУРА