20-22 сәуір аралығында Астана қаласында Астана қаласы әкімдігінің «Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығының бастамасымен 7-8 сынып оқушыларына арналған «Keruen Science» республикалық олимпиадасы өтті. Олимпиада химия және биология пәндері бойынша ұйымдастырылды.
Олимпиадаға дарынды балаларға арналған «Білім-Инновация» лицей-интернатының 6 оқушысынан құралған команда қатысты.
Балалар өз әлеуетін көрсетіп, еліміздің басқа қалаларындағы балалармен бәсекелесе алды.
Команданың қоржынында химия пәнінен 1 алтын медаль (Айтпай Бату, 8 сынып), биология пәнінен 1 күміс медаль (Төленді Райымбек) және биология пәні бойынша 1 қола медаль (Әділкәрім Дінмұхамед) бар.
Барлық қатысушылар мен олардың ұстаздарын керемет нәтиже көрсетулерімен құттықтаймыз!!!



