«Абай оқулары» республикалық шығармашылық конкурсының облыстық кезеңінің қорытындысы

Дата:
24.04.2026

2026 жылдың 22 сәуірінде «Қостанай дарыны» өңірлік оқу-әдістемелік орталығы «Қостанай қаласы білім бөлімінің Абай атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ базасында қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың шығармашылығына арналған «Абай оқулары» республикалық шығармашылық конкурсның облыстық кезеңін өткізді.

Конкурсқа 8-11 сынып оқушылары қатысты. Жас қатысушылар Абайдың поэтикалық мұрасы туралы терең білімдерін, жоғары дайындық деңгейін және туған әдебиетке деген шынайы сүйіспеншілігін көрсетті.

Конкурс бес номинация бойынша өтті, онда оқушылар ақын шығармашылығының тереңдігін танытып, әртістік қабілеттерін, мәнерлеп орындау шеберлігін және шығармашылық әлеуеттерін  көрсетті.

Облыстық кезеңге облыстың 13 ауданынан және 4 қаласынан барлығы 50 оқушы қатысты.

Конкурс қорытындысы бойынша:

  • 1 орын — 5 оқушы;
  • 2 орын — 8 оқушы;
  • 3 орын — 18 оқушы;
  • 4 қатысушы ынталандыру грамоталарымен марапатталды.

«Абай оқулары» конкурсын өткізу оқушылардың ұлттық әдебиетке деген қызығушылығын дамытуға, рухани құндылықтарды қалыптастыруға және Абай Құнанбаевтың шығармашылық мұрасын жастар арасында кеңінен насихаттауға ықпал етеді.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді құттықтаймыз! Алдағы уақытта толағай табыстар және жаңа шығармашылық жетістіктер тілейміз!

 

ИТОГИ