Биыл О.Сүлейменовтің туғанына 90 жыл толуына арналған «Ұлы мұра» дәстүрлі марафоны басталды.
2026 жылдың 16 наурызында 7-10 сынып оқушыларына арналған қашықтықтан олимпиада өтті, оның тапсырмалары О.Сүлейменовтің өмірі, шығармашылығы мен қоғамдық қызметін білуге арналды.
Марафонның мақсаты О.Сүлейменовтің мұрасын зерделеу және оқушылардың шығармашылық әлеуетін іске асыру бойынша қызығушылықты өзектендіру болды.
Олимпиадаға Қостанай облысының 17 өңірінен жалпы білім беретін мектептердің 7-10 сыныптарының 963 оқушысы, оның ішінде ауыл мектептерінен – 539 (немесе 55,9 %) бала қатысты.
Олимпиада екі жас санатында өтті: 7-8 және 9-10 сыныптар. Олимпиаданың ең белсенді қатысушылары 7-8 сынып оқушылары (484 қатысушы) болды. Өңірлер арасында Қостанай қаласының (222 қатысушы) және Рудный қаласының (94 қатысушы) оқушылары белсенді болды.
130 оқушы олимпиада жүлдегерлері атанды, оның ішінде 9 оқушы І орын, 39 оқушы ІІ орын және 82 оқушы ІІІ орын алды.
Барлық қатысушылар сертификаттар алды, ал жүлдегерлерге «Қостанай дарыны» ӨОӘО дипломдары дайындалады.
Байқаудың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін құттықтаймыз! Жарқын жеңістер тілейміз!



