Лингвистикадан олимпиадалық резервке арналған оқу-жаттығу жиындары

Дата:
27.03.2026

24 наурызда Астана қаласында олимпиадалық резервке енгізілген лингвистика бойынша республикалық олимпиаданың жүлдегерлері үшін оқу-жаттығу жиындары басталды.

Жиынға қатысушылардың қатарына Республикалық олимпиаданың күміс жүлдегері, Жітіқара ауданының Абай атындағы мектеп-лицейінің оқушысы Тұрғымбаев Кирилл кірді.

Бұл Кириллдің екінші жиыны. Біріншісі ақпан айында өтті. Жиындар шеңберінде осы олимпиадаға қатысу үшін қажетті білім мен дағдылар жетілдірілетін болады.

Жиын қорытындысы бойынша Лингвистика бойынша халықаралық олимпиадаға қатысушылардың құрамы айқындалатын болады. Кириллге жиындардың сәтті өтуін тілейміз!

Жиындар а.ж. 4 сәуірінде аяқталады.