Физика және биология пәндері бойынша республикалық олимпиадада 5 медаль жеңіп алынды

Дата:
26.03.2026

2026 жылғы 20-25 наурыз аралығында Астана қаласында Физика және биология пәндерінен оқушылардың республикалық олимпиадасы өтті.

Қостанай облысынан олимпиадаға республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінің жүлдегерлері атанған 12 оқушы қатысты. Олар – Қостанай, Рудный қалаларының, Дарынды балаларға арналған «Білім-Инновация» лицей-интернаты мен «Озат» мамандандырылған ақпараттық технологиялар мектеп-лицей-интернатының оқушылары.

5 оқушы олимпиада жүлдегерлері атанып, 2 алтын, 2 күміс және 1 қола медаль жеңіп алды. Олардың есімдері:

Биология – І орын – Гурский Даниил, «Озат» мамандандырылған ақпараттық технологиялар мектеп-лицей-интернаты

І орын – Альмагамбетов Санжар, Қостанай қ. физика-математикалық лицейі

Физика – ІІ орын – Әбдіқадір Таир,  Дарынды балаларға арналған «Білім-Инновация» лицей-интернаты;

ІІ орын – Уразалин Расул, Дарынды балаларға арналған «Білім-Инновация» лицей-интернаты

ІІІ орын – Өжентай Абзал, Дарынды балаларға арналған «Білім-Инновация» лицей-интернаты;

Олимпиада қорытындысы бойынша 2 оқушы «Дарын» РҒПО грамоталарымен марапатталды: Закимров Ислам, Дарынды балаларға арналған «Білім-Инновация» лицей-интернаты (физика); Гмыря Надежда (№2 гимназия, Рудный қаласы).