Физика пәнінен қашықтық олимпиаданың қорытындысы

Дата:
13.03.2026

2026 жылдың 10-11 наурызында 7-10 сынып оқушылары үшін физика пәнінен қашықтан облыстық олимпиада өтті.

Олимпиадаға облыстың барлық өңірлерінен 2450 адам қатысты, оның ішінде ауылдық жерлердегі мектептерден – 1 157 қатысушы (немесе 47,2 %). Ең белсенді өңірлер Қостанай қ. (566 оқушы), Рудный қ. (521 оқушы), Қостанай ауданы (358 оқушы) болды.

Оқушылар арасында ең белсенді 7-сынып оқушылары болды (828 қатысушы).

631 оқушы олимпиада жүлдегерлері атанды, оның 62-і 1 – орын, 218-сі екінші және 351-і үшінші орын алды. Өңірлер арасында Ұзынкөл (67 %) және Меңдықара ауданының (50 % сапа) оқушылары жоғары нәтижелілік көрсетті.

Барлық қатысушылар сертификат алды, ал жүлдегерлерге «Қостанай дарыны» ӨОӘО дипломдары табысталатын болады.

 

ИТОГИ