«Атамекен» облыстық зияткерлік-танымдық ойынының қорытындысы

Дата:
12.03.2026

Танымдық белсенділікті дамыту және бастауыш мектеп жасындағы балалардың оқу пәндеріне қызығушылығын арттыру мақсатында 2026 жылғы 26-27 ақпанда бастауыш сынып оқушыларына арналған «Атамекен» облыстық зияткерлік-танымдық ойыны өткізілді. Ойын онлайн форматында өтті.

Конкурсқа облыстың барлық өңірінен барлығы 5371 оқушы қатысты, оның ішінде ауыл мектептерінен – 3109 (немесе 57,9 %).

Ойынның ең белсенді қатысушылары 1 сынып оқушылары болды – 1736 қатысушы.

1586 бала ойынның жүлдегерлері атанды, оның ішінде 105 оқушы – І орын, 562 оқушы – ІІ орын, 919 оқушы – ІІІ орын алды.

Өңірлер арасында қатысушылары берілген тапсырмаларды ең жақсы орындағандар – Алтынсарин (сапасы 31,4%) және Денисов (42,3%) аудандары.

Барлық қатысушыларға сертификаттар берілді, ал жеңімпаздарға «Қостанай дарыны» ӨОӘО-ның дипломдары табысталады.

 

ИТОГИ