«Ілияс Жансүгіров оқулары», «Мұқағали Мақатаев оқулары» республикалық оқуларының облыстық кезеңінің қорытындылары

Дата:
05.03.2026

2026 жылғы 4 наурызда қазақ поэзиясының көрнекті өкілдері – Ілияс Жансүгіров пен Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығына арналған «Ілияс Жансүгіров оқулары» және «Мұқағали Мақатаев оқулары» республикалық оқуларының облыстық кезеңі өтті.

Бұл күні жалпы білім беретін және мамандандырылған мектептердің 7-11 сынып оқушылары поэтикалық мұраны терең біліп қана қоймай, туған әдебиетке деген шынайы сүйіспеншілігін де көрсетті.

«Ілияс Жансүгіров оқулары» байқауы аясында жас қатысушылар ақын шығармашылығының жан-жақтылығын ашып, бес номинация бойынша бақ сынасты. «Мұқағали Мақатаев оқулары» төрт номинация бойынша өтті, онда оқушылар дайындық деңгейінің жоғарылығын, мәнерлеп оқуды және поэзияны терең түсінетінін көрсетті.

Байқауға облыстың 11 ауданынан және 3 қаласынан, сондай-ақ дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептерден барлығы 85 оқушы қатысты. Оның ішінде 51 оқушы «Ілияс Жансүгіров оқулары» байқауына, 34 оқушы «Мұқағали Мақатаев оқулары» конкурсына қатысты. 1 орын - 9, 2 орын - 15, 3 орын -25.  

Байқау нағыз поэзия мерекесіне, шығармашылық және рухани өсу алаңына айналды.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді құттықтаймыз! Әдебиетке деген сүйіспеншілік сізге шабыт, қуат және жаңа жарқын жетістіктер бастауы болсын!

 

ИТОГИ