Ағымдағы жылдың 2-6 наурызы аралығында Астана қаласында Қаржы және экономика пәндерінен республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңі өтті.
Олимпиаданың қорытынды кезеңіне республиканың білім беру ұйымдарынан 121 оқушы қатысты.
Олимпиадаға Қостанай, Рудный ққ. және Қарабалық ауданынан облыстық кезеңнің 5 жеңімпазы қатысты.
2 күн ішінде қатысушылар «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы жасаған тапсырмаларды орындады.
Олимпиада қорытындысы бойынша 3 қатысушы жүлделі орындарға ие болды: 1 екінші және 2 үшінші. ІІ орынды Алпысбаев Эрик (Қостанай қ. М. Горький атындағы гимназисыя, 10 сынып), ІІІ орынды Гавриленко Никита (Қостанай қ. М. Горький атындағы гимназиясы, 10 сынып) және Хусаинова Карина (Қарабалық ауданының М. Горький атындағы жалпы білім беретін мектебі) иеленді.
Балалар мен олардың тәлімгерлерін республикалық деңгейде жоғары нәтиже көрсетулерімен құттықтаймыз!




