9-11(12) сынып оқушыларына арналған сыни ойлау және философия бойынша республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңінің өткізілуі туралы ақпарат

Дата:
02.03.2026

2026 жылғы 16 ақпанда 9-11(12) сынып оқушыларына арналған сыни ойлау және философия бойынша республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңі өтті. Олимпиада ағылшын тілінде эссе жазу түрінде өткізілді. Конкурстық тапсырманы орындау ұзақтығы 180 минутты құрады.

Олимпиаданы өткізудің мақсаты Қазақстан Республикасында философиялық білім беруді дамыту, жоғары сынып оқушыларының философияны оқуға деген қызығушылығын арттыру, сондай-ақ сыни ойлау дағдыларын қалыптастыру және оқушылардың шығармашылық әлеуетін дамыту болып табылады.

Олимпиадаға республиканың барлық өңірлерінен 108 оқушы қатысты, олардың 45-І олимпиада жүлдегерлері атанды.

Қостанай облысынан қорытынды кезеңге Ұзынкөл ауданының 11 сынып оқушысы Мифодовская Елизавета қатысып, II орын алды.

Құттықтаймыз!