Азия-Тынық мұхиты математикадан халықаралық олимпиадасы мен Математикадан халықаралық «Жібек жолы» олимпиадасының қорытындылары

Дата:
13.03.2026

2026 жылдың 8-12 наурызында Астана қаласында қашықтан Азия-Тынық мұхиты математикадан халықаралық олимпиадасы және Математикадан халықаралық «Жібек жолы» олимпиадасы өтті.

Мақсаты – математика ғылымдары саласында дарынды оқушыларды анықтау және қолдау көрсету, қатысушы елдер арасындағы халықаралық білім беру және ғылыми байланыстарды дамыту үшін жағдайлар жасау.

Олимпиадаларға жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың облыстық және қорытынды кезеңдерінің жеңімпаздары мен жүлдегерлері және олимпиада резервінің мүшелері атанған 153 оқушы қатысты.

Еліміздің түкпір-түкпірінен келген үздік математиктер күрделі және қызықты есептерді шешіп қана қоймай, өзара әрекеттесу және тәжірибе алмасу үшін жиналды.

Қостанай облысының атынан 2026 жылғы жалпы білім беретін пәндер бойынша оқушылардың облыстық олимпиадасының жүлдегерлері – Дарынды балаларға арналған «Білім-Инновация» лицей-интернатынан, Қостанай қаласының «Озат мамандандырылған ақпараттық технологиялар мектеп-лицей-интернаты мен М. Қозыбаев атындағы № 23 жалпы білім беретін мектебінен 6 оқушы қатысты.

Азия-Тынық мұхиты математикадан халықаралық олимпиадасы мен Математикадан халықаралық «Жібек жолы» олимпиадасында Дарынды балаларға арналған «Білім-Инновация» лицей-интернатының 11 сынып оқушысы Саматов Алихан қола медальдар жеңіп алды.

Алихан мен оның тәлімгерін жоғары жетістіктерімен құттықтаймыз!