Астана қаласында 2026 жылғы 10 наурызда Қостанай облысының олимпиадалық командасына биология, физика және химия бойынша оқу-жаттығу жиындары басталды.
Жиынға Қостанай, Рудный қалаларынан, Сарыкөл, Қарасу аудандарынан, сондай-ақ мамандандырылған білім беру ұйымдарынан 9-11 сыныптардың 16 оқушысы қатысуда.
10 күн бойы оқушылар алдағы олимпиадаға тыңғылықты дайындалу мақсатында өз пәндері бойынша білімдері мен дағдыларын жетілдіретін болады. Физика және биология пәндерінен олимпиадаға қатысушылар үшін олимпиада оқу-жаттығу жиыны аяқтала сала, яғни а.ж. 20 наурызында басталады.
Жиын а.ж. 19 наурызда аяқталады.



