ҚГП бойынша Республикалық олимпиадаға дайындық бойынша оқу-жаттығу жиындары

Дата:
27.03.2026

Астана қаласында 2026 жылғы 21 наурызда Қостанай облысының олимпиадалық командасына қазақ тілі мен әдебиеті, ағылшын тілі, Қазақстан тарихы және құқықтық пәндер бойынша оқу-жаттығу жиындары басталды.

Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндер бойынша Республикалық олимпиадаға қатысушылар үшін мұндай жиындар алғаш рет өткізілуде. Жиындар «Edlight» білім беру орталығының базасында өтіп жатыр.

Жиынға Қостанай, Рудный, Денисов, Науырзым, Ұзынкөл аудандарынан 10-11 сынып оқушылары, сондай-ақ дарынды балаларға арналған мамандандырылған білім беру ұйымдары қатысуда.

10 күн ішінде оқушылар алдағы олимпиадаға сапалы дайындық мақсатында өз пәндері бойынша білімдері мен дағдыларын жетілдіретін болады.

Жиын а.ж. 30 наурызда аяқталады.