2026 жылдың 24-28 наурызы аралығында Республикалық физика-математика мектебі базасында 2-4 сынып оқушыларына арналған «Бастау» ХІХ республикалық математикалық олимпиадасы өтті.
Олимпиаданың негізгі мақсаты – бастауыш мектеп жасындағы дарынды балаларды анықтау, дамыту және қолдау, олардың математика бойынша білімдерін тереңдету және кеңейту.
Олимпиадаға Қазақстанның барлық облыстарынан, Астана, Алматы және Шымкент қалаларынан, сондай-ақ «Назарбаев Зияткерлік мектептерінен», республикалық физика-математика мектептерінен және өзге де білім беру ұйымдарынан 147 команда қатысты.
Республикалық турнир үш кезеңде өтті:
1 кезең – «Әу, баста!» (командалық есеп);
2 кезең – «Асық» (командалық есеп);
3 кезең – «Математикалық бәйге» (жеке есеп).
Қостанай облысынан олимпиаданың облыстық кезеңінің жеңімпаздары атанған 2 команда – Қостанай қаласының № 24 мектеп-гимназиясы мен Рудный қ. командасы қатысты. Балалар математикалық білім мен сыни ойлаудың жоғары деңгейін, ынтымақтастық дағдыларын және командада жұмыс істеу қабілетін көрсете отырып, барлық сынақтардан абыроймен өтті.
Олимпиада қорытындысы бойынша жеке есепте жүлделі орындарға қол жеткізген команда қатысушылары: №24 мектеп-гимназиясы (Едрес Алдияр, Атшабаров Дәулетбек, Қуандық Арсен) – ІІ орын, Рудный қаласының командасы (Батрханов Каир, Лаукарт Максим, Мухин Никита) – ІІІ орын. Жүлдегерлер «Дарын» РҒПО I, II, III дәрежелі дипломдарымен марапатталды.
Республикалық деңгейде жоғары нәтиже көрсетулеріңізбен құттықтаймыз!




