Орыс тілі мен әдебиетінен қашықтық олимпиаданың қорытындысы

Дата:
27.01.2026

2026 жылдың 22-23 қаңтарында 7-10 сынып оқушыларына арналған орыс тілі мен әдебиетінен облыстық қашықтық олимпиадасы өтті.

Олимпиадаға облыстың барлық өңірлерінен 3700 оқушы қатысты, оның ішінде ауылдық жерлердегі мектептерден – 1968 қатысушы (немесе 53,2 %). Ең белсенді өңірлер Қостанай қ. (946 оқушы) және  Рудный қаласы (496 оқушы) болды. Оқушылар арасында 7 сынып оқушылары ең белсенді болды (1213 қатысушы).

660 оқушы олимпиада жүлдегерлері атанды, оның ішінде 107 оқушы І орын, 277 оқушы ІІ және 276 оқушы ІІІ орын алды. Өңірлер арасында Жітіқара ауданының (49 %) оқушылары жоғары нәтиже көрсетті.

Барлық қатысушылар сертификат алды, ал жүлдегерлерге «Қостанай дарыны» ӨОӘО дипломдары дайындалатын болады.

 

ИТОГИ