Жаратылыстану-математика циклі пәндері бойынша оқушылардың республикалық олимпиадасы

Дата:
01.04.2026

2026 жылғы 27 наурыз бен 1 сәуір аралығында Алматы қаласында химия және география пәндерінен оқушылардың Республикалық олимпиадасы өтті.

Қостанай облысынан олимпиадаға республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінің жүлдегерлері және ауыл оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың жеңімпаздары атанған 13 оқушы қатысты. Олар – Қостанай, Рудный, Лисаков қалалары, Сарыкөл ауданы мектептерінің, Дарынды балаларға арналған «Білім-Инновация» лицей-интернаты мен «Озат» мамандандырылған ақпараттық технологиялар мектеп-лицей-интернатының оқушылары.

6 оқушы олимпиада жүлдегерлері атанып, 1 күміс және 5 қола медаль жеңіп алды. 1 оқушы «Дарын» РҒПО грамотасымен марапатталды. Жүлдегерлердің есімдері:

 

р/с

Қатысушының аты-жөні

Мектеп, өңір

Пән

Сынып

 

Орын

1

Орлова Дарья

Физика-математикалық лицейі, Қостанай қаласы

География

9

ІІ

2

Айтпай Бату

Дарынды балаларға арналған «Білім-Инновация» лицей-интернаты

Химия

9

ІІІ

3

Даиров Муслим

Дарынды балаларға арналған «Білім-Инновация» лицей-интернаты

Химия

9

ІІІ

4

Кадралинов Алибек

Дарынды балаларға арналған «Білім-Инновация» лицей-интернаты

Химия

11

ІІІ

5

Шугаев Вадим

№ 10 мектеп-гимназиясы, Рудный қаласы

География

10

ІІІ

6

Чернов Иван

Физика-математикалық лицейі, Қостанай қаласы

География

11

ІІІ

7

Яхуда Жанахмет

Дарынды балаларға арналған «Білім-Инновация» лицей-интернаты

География

11

грамота