Математика пәнінен қашықтық олимпиаданың қорытындысы

Дата:
24.02.2025

2025 жылдың 17-18 ақпанында 7-10 сынып оқушылары үшін математикадан облыстық қашықтықтан олимпиада өтті.

Олимпиадаға облыстың барлық өңірлерінен 3374 қатысушы, оның ішінде ауылдық мектептерден – 1857 қатысушы (немесе 55 %) қатысты. Ең белсенді өңірлер Қостанай қ. (718 оқушы), Қостанай ауданы (502 оқушы) және Рудный қ. (481 оқушы) болды.

Оқушылар арасында ең белсенді 7 сынып оқушылары – 1092 қатысушы болды.

Олимпиада жүлдегерлері 972 оқушы болды, оның 159-ы 1 орын, 400-сі екінші, 413-і үшінші орын алды.

Өңірлер арасында Қарасу ауданы (80 %)  және Б. Майлин ауданының (52 %) оқушылары жоғары нәтижелілік көрсетті.

Барлық қатысушылар сертификат алды, ал жүлдегерлерге «Қостанай дарыны» ӨОӘО дипломдары беріледі.

 

ИТОГИ