География пәнінен қашықтық олимпиаданың қорытындысы

Дата:
31.10.2025

2025 жылдың 16-17 қазанында 7-10 сынып оқушылары үшін география пәнінен қашықтан облыстық олимпиада өтті.

Олимпиадаға облыстың барлық өңірлерінен 3690 адам қатысты, оның ішінде ауылдық жерлердегі мектептерден – 1 994 қатысушы (немесе 54 %). Ең белсенді өңірлер Қостанай қ. (786 оқушы), Рудный қ. (554 оқушы) және Қостанай ауданы (411 оқушы) болды.

Оқушылар арасында ең белсенді 7- ынып оқушылары болды (1215 қатысушы).

871 оқушы олимпиада жүлдегерлері атанды, оның 20-сы 1 – орын, 252-сі екінші және 509-сы үшінші орын алды. Өңірлер арасында Лисаков қ. (43 %), Сарыкөл ауданының (32 % сапа) және «Озат» МАТМЛИ  (38 % сапа) оқушылары жоғары нәтижелілік көрсетті.

Барлық қатысушылар сертификат алды, ал жүлдегерлерге «Қостанай дарыны» ӨОӘО дипломдары табысталатын болады.

 

ИТОГИ