5-10 сынып оқушыларына арналған «Around the world» елтану бойынша қашықтық олимпиадасының қорытындысы

Дата:
11.02.2026

2026 жылғы 5-6 ақпанда 5-10 сынып оқушылары үшін елтану пәнінен «Around the world» қашықтық олимпиадасы өтті.

Олимпиадаға облыстың барлық өңірінен 5310 оқушы қатысты, оның ішінде ауылдық жерлердегі мектептерден – 2469 қатысушы (немесе 46,5 %). Ең белсенді өңірлер Қостанай қ. (1470 оқушы), Рудный қ. (875 оқушы) және Қостанай ауданы (666 оқушы) болды. Оқушылар арасында 8 сынып оқушылары ең белсенді болды – 1039 қатысушы.

1473 оқушы олимпиаданың жүлдегерлері атанды, оның 235-і 1 орын, 534-і екінші және 704-і үшінші орын алды.

Барлық қатысушылар сертификаттар алды, ал жүлдегерлер «Қостанай дарыны» ӨОӘО дипломдарымен марапатталады.

 

ИТОГИ