
2025 жылғы 11-13 наурызда Астана қаласында Әл-Фараби атындағы оқушылар сарайында Ө.Жолдасбеков атындағы оқушылардың математика және механика бойынша зерттеу жобаларының халықаралық конкурсы өтті.
Конкурстың мақсаты – математика және механика саласындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарына қызығушылық танытатын дарынды оқушыларды анықтау.
Конкурсқа Қазақстан, Тәжікстан, Беларусь және Ресейдің 100-ден астам оқушысы қатысты.
Қатысушылар «Математика», «Экономикадағы математикалық әдістер», «Механика» секцияларында жобаларын таныстырды.
Қостанай облысының атынан Қостанай ауданы мен «Озат» мамандандырылған ақпараттық технологиялар мектеп-лицей-интернатынан 11-сыныптың 4 оқушысының 3 жобасы ұсынылды.
Конкурстың қорытындысы бойынша Утепова Шолпан мен Рақым Нұрсайдың жобасын қазылар алқасының мүшелері атап өтіп, «Экономикадағы математикалық әдістер» секциясында ІІ дәрежелі дипломмен марапаттады.
Оқушыларды және олардың тәлімгерін лайықты жеңістерімен құттықтаймыз!