
2025 жылғы 28-29 сәуір аралығында «Қостанай дарыны» өңірлік оқу-әдістемелік орталығы» Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80-жылдығына арналған «Чтобы помнили...» облыстық қашықтық олимпиадасын өткізді.
Олимпиада тапсырмалары Ұлы Отан соғысының тарихы бойынша, сондай-ақ қазақстандықтардың соғысқа қатысуы туралы сұрақтарда қамтиды. Олимпиада үш жас санаты бойынша өткізілді: 5-6 сыныптар, 7-8 сыныптар және 9-11 сыныптар.
5-8 сынып оқушылары үшін 35 сұрақ, 9-11 сынып оқушылары үшін – 40 сұрақ әзірленді.
Жалпы айтқанда, олимпиадаға Қостанай облысының барлық өңірінен 1317 оқушы қатысты. Меңдіқара (188 оқушы) және Әулиекөл (155 оқушы) аудандарының қатысушылары белсенді болды.
Әр жас санаты бойынша жүлдегерлер анықталды. 273 оқушы жүлдегер атанды, оның ішінде 20 оқушы бірінші орынға, 83 – екінші және 170 – үшінші орынға ие болды.
Олимпиаданың қорытындысы бойынша Науырзым (57,1 %) және Жітіқара (45,3%) аудандары ең жоғары нәтиже көрсетті.
Барлық қатысушылар сертификаттар алды, ал жүлдегерлерге дипломдар табысталады.