Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндер бойынша Республикалық олимпиада басталды

Дата:
07.04.2026

3 сәуірде Тараз қаласында қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндер бойынша Республикалық олимпиада басталды. 

Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндер бойынша олимпиада 3 қалада өтеді: Тараз, Шымкент және Петропавл. 

Тараз қаласында олимпиада «Қазақ тілі мен әдебиеті» және «Орыс тілінде оқытатын мектептердегі қазақ тілі» және «Қазақстан тарихы» пәндері бойынша өтті.

Оған Республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінің 11 жүлдегері – Қостанай, Рудный ққ., Науырзым, Қамысты аудандары, Ы. Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия-интернаты және дарынды балаларға арналған «Білім-Инновация» лицей-интернатының оқушылары қатысты. 

Екі күн ішінде оқушылар қазылар алқасы әзірлеген жазбаша және ауызша тапсырмаларды орындап, тілді меңгеру деңгейін, сөйлеу және жазу дағдыларын көрсетуі тиіс болды. 

Облыстың атынан сынға түскен қатысушылар 4 жүлделі орынға ие болды, оның ішінде: 1 – I орын, 1 – II орын, 2 – ІІІ орын.

 

р/с

Қатысушының аты-жөні

Мектеп, өңір

Пән

Сынып

Орын

1

Караклышев Даян

Дарынды балаларға арналған «Білім-Инновация» лицей-интернаты

Қазақстан тарихы

11

І

2

Ғазиз Аружан

Ы. Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия-интернаты

Қазақ тілі мен әдебиеті

10

ІІ

3

Холматова Ардак

Ы. Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия-интернаты

Қазақ тілі мен әдебиеті

10

ІІІ

4

Баймурадова Элина

А.М.Горький атындағы гимназия, Қостанай қаласы

Қазақстан тарихы

10

ІІІ

5

Бакирова Любовь

№13 жалпы білім беретін мектеп, Рудный қаласы

Орыс тілінде оқытатын мектептердегі қазақ тілі

10

грамота

Олимпиадада жоғары нәтиже көрсеткендерімен құттықтаймыз!!!