2026 жылғы 1–2 сәуір күндері «Озат» мамандандырылған ақпараттық технологиялар мектеп-лицей-интернаты» КММ базасында Қазақстан Республикасының Президенттік орталығының ұйымдастыруымен «Жаңа шындықтағы Қазақстан: жастар өзгерістер дәуірінде» атты онлайн семинар өтті.
Екі күнге созылған мазмұнды шараға «Озат» мамандандырылған ақпараттық технологиялар мектеп-лицей-интернаты» КММ мен «Ы.Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия-интернаты» КММ 25 оқушы қатысты.
Семинар аясында қатысушыларға «Әділетті Қазақстан» саяси бағдары: институционалдық реформалар және жаңа қоғамдық этика», сондай-ақ «Жастар – жаңғыртудың негізгі факторы: мүмкіндік және жауапкершілік» тақырыптарында дәрістер оқылды.
Сонымен қатар, оқушылар командалық жұмыс дағдыларын дамыту, әлеуметтік жобаларды әзірлеу бағытында тәжірибелік тренингтерге қатысып, өз білімдері мен дағдыларын жетілдірді.
Аталған семинар жас буынның азаматтық ұстанымын қалыптастыруға, көшбасшылық қабілеттерін дамытуға және қоғамдағы белсенділігін арттыруға бағытталған маңызды алаң болды.




