Шығармашылық пен шабыт: «Әбіш оқулары» облыстық кезеңі қалай өтті

Дата:
06.04.2026

2026 жылдың 2 сәуірінде көрнекті қазақ жазушысы, мемлекет және қоғам қайраткері Әбіш Кекілбаевтың шығармашылығына арналған «Әбіш оқулары» республикалық ғылыми-шығармашылық конкурсының облыстық кезеңі өтті.

Конкурстың басты мақсаты - жазушының әдеби мұрасын насихаттау, оқушылардың оқуға және зерттеу қызметіне деген қызығушылығын қалыптастыру, сондай-ақ жастардың шығармашылық қабілеттерін дамыту. Конкурс рухани-адамгершілік құндылықтарды тәрбиелеуге, ұлттық мәдениетті құрметтеуге және дарынды оқушыларды анықтауға бағытталған.

Облыстық кезеңге облыс мектептерінің 8-11 сыныптарының 85 оқушысы қатысып, өздерінің жоғары дайындық деңгейін, шығармашылық қабілетін және жазушы шығармаларын терең түсінуін көрсетті.

Байқау бес бағыт бойынша өткізілді:

мәнерлеп оқу (проза, поэзия)

зерттеу жұмыстары
сахналық қойылымдар
шығармаларға иллюстрациялар

ақындар мүшайрасы

Конкурс қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталып, облысты республикалық кезеңде таныстыратын болады

Жалпы 33 жүлделі орын берілді:
I орын — 5 қатысушы
II орын — 9 қатысушы
III орын — 19 қатысушы

«Сахналық қойылым» бағыты бойынша қосымша арнайы номинациялар берілді:

«Ең ұйымшыл команда»
«Көрермен көзайымы»
«Өнерге қадам»

Барлық қатысушылар қатысқаны үшін сертификаттармен марапатталды.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді құттықтаймыз! Алдағы уақытта шығармашылық табыстар, шабыт және жаңа жетістіктер тілейміз!