
Наурыз-сәуір айларында оқушылардың республикалық олимпиадасының облыстық кезеңінің қорытындысы бойынша іріктелген Қостанай облысының олимпиадалық командасы олимпиаданың қорытынды кезеңіне қатысады.
Республикалық кезеңге дайындық мақсатында олимпиадалық команда оқу-жаттығу жиындарынан өтеді.
Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндер бойынша республикалық олимпиадаға қатысушылар үшін оқу-жаттығу жиындары 11 наурызда басталды. Алтынсарин, Амангелді, Әулиекөл, Жітіқара, Федоров аудандарының, Арқалық, Қостанай, Рудный қалаларының, дарынды балаларға арналған мамандандырылған білім беру ұйымдарының оқушылары 5 күн бойы пән бойынша теориялық және практикалық дағдыларын ұштай отырып, жоғары оқу орындарының оқытушыларымен жаттығатын болады.
Қоғамдық-гуманитарлық пәндер бойынша олимпиадаға қатысушылар үшін сабақтар аралас форматта өтеді.
Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндер бойынша республикалық олимпиада а.ж. 31 наурызында басталады. Ол Орал қаласында «Қазақ тілі мен әдебиеті» және «Орыс тілінде оқытатын мектептердегі қазақ тілі» пәндері бойынша өтеді.