
Балалардың зерттеушілік қызметі дағдыларын дамыту және кіші, орта жастағы оқушылар тұлғасының интеллектуалдық-шығармашылық әлеуетін ынталандыру мақсатында 2024 жылғы 30 қаңтар-1 ақпан арасында 2-7 сынып оқушылары арасында қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы секциялар бойынша «Зерде» республикалық зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстар конкурсының қорытынды кезеңі өтті.
Үш күн ішінде «Щучье» шипажайының базасында екі жас санатындағы (2-4 және 5-7 сыныптар) конкурстың 7 секциясы бойынша жобаларды қорғау өтті: қазақ тілі мен әдебиеті; орыс тілі мен әдебиеті; шет тілдері; этномәдениеттану; тарих, өлкетану; технология және өнер; медицина, психология, экология.
Қостанай облысының атынан осы кезеңде облыстық байқаудың 14 жеңімпазы мен жүлдегері (13 жоба) сынға түсті.
Қазылар алқасының шешіміне сәйкес I дәрежелі дипломдармен 2 қатысушы (2 жоба), II дәрежелі дипломдармен – 1 қатысушы (1 жоба), III дәрежелі дипломдармен – 6 қатысушы (5 жоба) марапатталды. Тағы 4 қатысушы (4 жоба) грамоталармен марапатталды. Барлық қатысушыларға сертификаттар табысталды.
№ |
Қатысушының аты-жөні |
Сынып |
Мектеп |
Секция |
Орын |
1 |
Арғынғазы Аяулым |
4 |
Амангелді жалпы білім беретін мектебі, Амангелді ауданы |
Медицина, психология, экология |
I |
2 |
Күзембаев Жұбаныш |
7 |
«Білім-Инновация» лицей-интернаты |
Этномәдениеттану |
I |
3 |
Шайсұлтан Сағадат |
4 |
№ 24 мектеп-гимназиясы, Қостанай қ. |
Этномәдениеттану |
II |
4 |
Хапко Юлия, Шелкоплясова Дарья |
7 |
№12 жалпы білім беретін мектеп, Жітіқара ауданы |
Технология және өнер |
III |
5 |
Травкин Александр |
4 |
№6 жалпы білім беретін мектеп, Қостанай қ. |
Орыс тілі мен әдебиеті |
III |
6 |
Кунильская Камилла |
4 |
Физика-математикалық лицейі, Қостанай қ. |
Шет тілдер |
III |
7 |
Сартов Муслим |
3 |
А.М. Горький атындағы гимназия, Қостанай қ. |
Тарих, өлкетану |
III |
8 |
Арманбек Мухаммед Али |
6 |
№15 жалпы білім беретін мектеп, Қостанай қ. |
Тарих, өлкетану |
III |
9 |
Мүшелбай Жасмин |
3 |
Ы. Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін мектеп, Жангелдин ауданы |
Технология және өнер |
грамота |
10 |
Кәдірбек Мөлдір |
6 |
Ы. Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін мектеп, Жангелдин ауданы |
Медицина, психология, экология |
грамота |
11 |
Туленов Амирхан |
7 |
«Озат» мамандандырылған ақпараттық технологиялар мектеп-лицей-интернаты |
Шет тілдер |
грамота |
12 |
Қуаныш Санжар |
4 |
Ғ.Қайырбеков атындағы №9 жалпы білім беретін мектеп, Қостанай қ. |
Қазақ тілі мен әдебиеті |
грамота |